Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚМКК

Маңғыстау облысы,  Ақтау каласы, 
1 ш/а медициналық қалашық
Телефон: 8 /7292/ 50-78-68

E-mail: cpz-mangystau@med.mail.kz

Аурухана туралы

26.08.2020

- Психоневрологиялық диспансер алғашында 1973 жылы Форт-Шевченко қаласындағы аудандық аурухана жанында орналасқан. 1974 жылы Маңғышлақ облыстық психоневрологиялық диспансерінің құрылуына байланысты облыстық мекеме мәртебесін алып, Ералы ауданының Жетібай кентіне ауыстырылды. 1986 жылы 240 төсек-орынды стационары бар диспансер Шевченко қаласы маңындағы Приозерный поселкесіндегі бұрынғы әскери бөлім ғимаратына көшірілді. 1999 жылдың мамыр айында Ақтау қаласы, 1 шағын ауданындағы Орталық аурухана таратылып, психикалық және мінез-құлқы бұзылыстары бар науқастарды емдеуге бас ғимараты берілді.

Қазіргі таңда тәулік бойы медициналық қызмет ететін қуаттылығы 270 төсек-орынды стационар және 30 төсек-орынды Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы (Ақтау қ.-20 төсек-орын, Жаңаөзен қ.10 төсек-орын) бар. Облыстық психикалық денсаулық орталығы тұрғындарға мамандырылған психиатриялық, наркологиялық көмек көрсететін облыстағы жалғыз мекеме болып табылады. Тұрғындарға консультациялық кеңесе беретін және есептегі науқастарға амбулаториялық түрде қарайтын Ақтау қаласында «№1 Ақтау қалалық емханасы», «№2 Ақтау қалалық емханасы» және Жаңаөзен қаласы бойынша «№2 Жаңаөзен қалалық емханасы» ұйымында Бастапқы психикалық денсаулық орталықтары орналасқан. Барлық облыстағы 5 аудандық емханалар құрылымында психикалық денсаулық кабинеттері бар.
Маңғыстау облысы әкімінің 09.07.2018 жылғы №170 Қаулысына сәйкес, «Облыстық психоневрологиялық диспансер» МКҚК және «Облыстық наркологиялық диспансер» ШЖҚ МКК біріктіріліп, 11.04.2019 жылы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК болып қайта ұйымдастырылды.

Психикалық мінез-құлқы бұзылысы бар науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік аясында барлық қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Диспансердің бекітілген дәрілік формулярына классикалық нейролептиктерден басқа соңғы жылдары стационардағы науқастарға беріліп жатқан препараттар  (атипті нейролептиктер, антидепрессанттар, құрыспаға қарсы дәрілер) кіреді.

Медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілері анықтау үшін

06.04.2015 жылы Пациенттерді қолдау және ішкі аудит комиссиясы құрылды. Науқастардан және тұрғындардан түсетін арыз-шағым, ұсыныстарды қабылдайтын «Сенім телефоны 50-80-88» жұмыс жасайды.

Облыстық психикалық денсаулық орталығы ұжымы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыратын облыстық және қалалық акциялары мен іс-шараларына белсенді түрде және үнемі қатысады.

Чтобы добавить вопрос, вам необходимо


немесе


Пайдалы ақпарат
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі http://mzsr.gov.kz
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы dsb.mangystau.gov.kz
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы heartcenter.kz
Ұлттық медициналық холдинг nmh.kz
Ұлттық онкология және трансплантология ғылыми орталығы nscot.kz
Ұлттық нейрохирургия орталығы neuroclinic.kz
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы nrcmc.kz
ҚР Президенті іс басқармасы Медициналық орталығы mcudprk.kz
Республикалық балаларды оңалту орталығы rdrc.kz
Облыстық онкологиялық диспансері ШЖҚ МКК http://onko.mangystau.kz
«Облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК http://detbol.mangystau.kz
Сайт карталары
Сіздің сайт бойынша пікіріңіз
   Ваш отзыв о сайте
Хабарлама жіберілді. Жауабын e-mail поштаңызға жібереміз.