Аурухана туралы
- Психоневрологиялық диспансер алғашында 1973 жылы Форт-Шевченко қаласындағы аудандық аурухана жанында орналасқан. 1974 жылы Маңғышлақ облыстық психоневрологиялық диспансерінің құрылуына байланысты облыстық мекеме мәртебесін алып, Ералы ауданының Жетібай кентіне ауыстырылды. 1986 жылы 240 төсек-орынды стационары бар диспансер Шевченко қаласы маңындағы Приозерный поселкесіндегі бұрынғы әскери бөлім ғимаратына көшірілді. 1999 жылдың мамыр айында Ақтау қаласы, 1 шағын ауданындағы Орталық аурухана таратылып, психикалық және мінез-құлқы бұзылыстары бар науқастарды емдеуге бас ғимараты берілді.
Психикалық мінез-құлқы бұзылысы бар науқастар тегін медициналық көмектің кепілдік аясында барлық қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілген. Диспансердің бекітілген дәрілік формулярына классикалық нейролептиктерден басқа соңғы жылдары стационардағы науқастарға беріліп жатқан препараттар (атипті нейролептиктер, антидепрессанттар, құрыспаға қарсы дәрілер) кіреді.
Медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілері анықтау үшін
06.04.2015 жылы Пациенттерді қолдау және ішкі аудит комиссиясы құрылды. Науқастардан және тұрғындардан түсетін арыз-шағым, ұсыныстарды қабылдайтын «Сенім телефоны 50-80-88» жұмыс жасайды.
Облыстық психикалық денсаулық орталығы ұжымы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастыратын облыстық және қалалық акциялары мен іс-шараларына белсенді түрде және үнемі қатысады.